Қан тапсыру акциясын полицейлер жалғастыруда ? Оңтүстік Қазақстан облысы

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы мен оның бөлімшелері бүгін таңертең Қан орталығынан табылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алдағы 10 күн бойы 2 500 полиция қызметкері қан тапсырады. Алыс аудандардан жиналатын тағы осыншалықты тәртіп сақшысы сәл кешірек донор атанады. «Азаматтарымыздың денсаулығын қорғау саласының қызметкерлеріне біз де қолымыздан келгенше, көмектесуге ұйғардық», дейді Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Арман Оразәлиев. Қаңтар айының ортасында облыс шенеуніктері бастап берген игі шара осылайша жалғасын тауып отыр. Қан орталығының қызметкерлері, донорлар қозғалысын жандандыру туралы үндеуге тек ұйымдар ғана емес, қарапайым халықтың да белсене үн қатып отырғанын қуанышпен айтуда.
Соңғы жаңалықтар