Канада АҚШ-тың болат пен алюминий өніміне қарсы тарифтерін қайта қарастырады

АСТАНА. KAZINFORM — Канада Федералды Үкіметі 21 шілдеден бастап АҚШ-тан әкелінетін болат пен алюминий өнімдеріне қарсы енгізілген тарифтерді кең ауқымды сауда келіссөздерінің барысына сәйкес қайта қарастырады, деп хабарлайды Синьхуа.

Канада
Фото: Global Look Press

Бұл туралы бейсенбі күні елдің Қаржы министрлігі мәлімдеді.

— Үкімет АҚШ-пен жаңа экономикалық және қауіпсіздік серіктестігі жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанда, біз жұмысшылар мен өндірісті әділетсіз әрі негізсіз енгізілген америкалық тарифтерден қорғаймыз. Біз Канада үшін ең тиімді келісімді жасауға қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт жұмсаймыз, — делінген Премьер-министр Марк Карнидің мәлімдемесінде. 

Айта кетейік, ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп барлық болат пен алюминий импортына 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді.

11 ақпанда Трамп алюминий мен болат импортына 25% баж салығын енгізгенін жария етті. Шетелден әкелінетін болат пен алюминийдің барлық импортына, шыққан еліне қарамастан, баж салығы салынатыны айтылды.

Ал маусым айының басында Дональд Трамп болат пен алюминийге салынатын баж салығын 25%-дан 50%-ға дейін арттыру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар