Канада мен Финляндия хоккейден әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионында жартылай финалға шыққан екі құрама анықталды.

Канада мен Финляндия хоккейден әлем чемпионаты жартылай финалына шықты
Фото: iihf.com

Алғашқы ширек финалда Канада мен АҚШ құрамалары кездесті. Кездесу барысында канадалық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Бірінші және екінші кезеңде олар бір-бір шайбадан енгізсе, үшінші кезеңде тағы жауапсыз екі гол соқты.

Осылайша канадалық хоккейшілер қарсыласынан: 4:0 есебімен басым түсіп, жартылай финал жолдамасына қол жеткізді.

Тағы бір кездесуде Финляндия мен Чехия шеберлік байқасты. Бұл ойында 4:1 есебімен финляндиялық хоккейшілер жеңіске жетті. 

Дәл қазір ширек финалда Швейцария мен Швеция, Норвегия мен Латвия ойнап жатыр.

Жартылай финал ойындары 30 мамырға белгіленген. Финал мен 3-орын үшін ойын 31 мамырда өткізіледі.

Биыл элиталық дивизионнан Италия мен Ұлыбритания құрамалары түсіп қалды. Олардың орнын бірінші дивизионда алғашқы екі орынға ие болған Қазақстан мен Украина құрамалары ие болды.

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Канада — 28, Ресей (КСРО) — 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция — 11, Финляндия — 4, АҚШ — 3, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.