Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Канада жағалауында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM Канаданың Ванкувер аралы жағалауында 5,5 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Соломон аралдарында 6,7 магнитудалы жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

Агенттіктің мәліметінше, жер сілкінісі сенбі күні Гринвич уақыты бойынша 04:49-да тіркелген. Бұл туралы Германияның геоғылымдар зерттеу орталығы (GFZ) хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі 49,62 градус солтүстік ендік пен 129,28 градус батыс бойлық координаттарында орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Осыған дейін Неаполь маңындағы жанартаулық аймақта соңғы жылдардағы ең күшті жер сілкінісі болғаны туралы жаздық.