11:53, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Канадада «алтын безгегі» уақытынан бері қалған кеменің арқау бөлшектері табылды
АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат - Канадада 1901 жылы опат болған «Эй-Джей Годарd» (A.J. Goddard) кемесінің арқау бөлшектері табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Кеменің арқау бөлшектері Юкон өзеніндегі Лаберж көлінде табылған. Мамандардың пікірінше, Аляскадағы «алтын безгегі» уақытында суға батқан кемелердің ең жақсы сақталғаны болып табылады.
Суасты археологы Джеймс Дельгадоның (James Delgado) айтуынша, кеменің жақсы сақталғаны соншалық палубада экипаж мүшелерінің күртешелері мен етіктері анықталған - олар киімдерін қалдырып, су бетіне қалқып шыққан, сондай-ақ бу қазандығынан отын табылған. Кеменің жақсы сақталуы оның темірден жасалуына байланысты болған.
Сонымен қатар, археологтардың айтуынша, Клондайкқа алтын іздеп барушыларға паром ретінде қызмет еткен - ол кезде барлығы осындай 260 паром болған.