11:15, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Канадада мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталады
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Канадалық Лондонда ертең, 13 наурызда мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталады.

Біріншілікке 50 елдің 200 саңлақ спортшысы қатысады. Олар тек медальдар үшін ғана емес, Сочидегі Олимпиада ойындарына жолдамалар алу үшін де сайысады, деп хабарлайды Утро.ру.
Бөлек ережелер бойынша жарыстарға билеттер құны 250 долларға дейін көтеріліп отыр. Бәсеке сәрсенбі күні таңертең басталады. Мұз айдынына бірінші болып қысқа бағдарлама бойынша спорттық жұптар шығады.
Канададағы бұл қала Онтарионың оңтүстік-батыс бөлігіндегі Темза өзенінің жанында, АҚШ-пен шекараға таяу жерде орналасқан.