Канадада жолаушы ұшақтан секіріп кетті

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Жолаушының өміріне қауіп төндірген оқиға Канаданың ірі қалаларының бірі Торонтодағы халықаралық әуежайда орын алды.
None
None

Бұл туралы Утро.ру жазып отыр.

Ер адам жерге қонған, бірақ әлі де ұшу-қону алаңында қозғалысын тоқтатпаған ұшақтан секіріп кеткен.

Кубадан ұшып келген Sunwing әуе компаниясының лайнері терминалға жақындаған уақытта ұшақтың апатты есіктерінің бірі кенеттен ашылып, жолаушы жерге секірді. «Абырой болғанда, ер адам жапа шеккен жоқ», - дейді қаланың тәртіп сақшылары.

Заң бұзушы полицияның қолына тапсырылды. Торонтоның 32 жастағы тұрғыны жүйке ауруына шалдыққан. Ол бірден жергілікті клиникаға жөнелтілді. «Оған қатысты айыптың тағылуы екіталай», - деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Соңғы жаңалықтар