Канададағы елді мекенді итбалықтар басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атлант мұхитына апаратын жол іздеген қырыққа жуық итбалық Канадаға қарайтын Ньюфаундленд аралындағы Роддиктон-Байд Арм елді мекенінде қалып қойды. Осыған байланысты, муниципалитет кеңесі жағалаудың күзет қызметіне жүгінуіне тура келді, деп хабарлайды BFMTV телеарнасы.
None
None

Роддиктон-Байд Арм елді мекені аралдың солтүстігінде, итбалықтардың көші өтетін жолдың үстінде орналасқан. Теңіз жануарлары қыста Арктика мен Гренландияны тастап, Ньюфаундленд өзендеріне, Қасиетті Лаврентий шығанағына барып қыстайды.

Ауыл адамдарына сүтқоректілердің биылғы жорығы кәдімгідей қиындық тудырып отыр. Өйткені тұрғындар Роддиктон-Байд Армнан кетпей қойған жануарларды қуып шыға да алмайды, қашан өз бетімен кететінін де білмейді. Итбалықтар адамға залал келтіруі де мүмкін. Бұдан тыс, жануарлар терісінің түсі асфальтқа өте ұқсас болғандықтан, біразын машина басып кетті.

Сондықтан, жергілікті билік өкілдері теңіз жануарларын эвакуациялау үшін жағалау күзеті қызметіне ресми сауал жолдады.

Соңғы жаңалықтар