10:10, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Канадалық лотереядан $43 млн көлемінде джекпот ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада жолы болғыш жан Lotto Max ұлттық лотереясынан канадалық 60 млн доллар ($43,3 млн) ұтып алды. Бұл туралы Канадада онға жуық осындай ойындарды ойнататын Atlantic Lottery қауымдастығының өкілдері хабарлады, деп мәлімдеді ТАСС.

Билет Онторио провинциясында Миссиссога қаласында сатылғаны белгілі болды. 2015 жылғы қазанда «49-дан 6» лотереясы Канада тарихындағы ең ірі ұтысты берген. Бір джекпот 64 млн канадалық долларды (49,5 млн АҚШ доллары) құраған болатын.