Канадалық жасыл шыршаны жалға алатын болады

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Канадалық "Кэрбонсинк Кристмас" фирмасы осындай қызмет көрсетуде. Осы бір шағын фирманың қожайыны Брэд Мэйджор табиғатты қорғаушылардың да көңілінен шығатын осы бір игі істі қолға алып отыр. Ол Рождество мерекесі қарсаңында кесілген жасыл шыршаны сатып алуға «жүректері дауаламайтын», сатып алса да, кейін «ұйқылары бұзылатын» табиғатты қорғаушыларға осындай ұсыныс жасады.
Шыршалар базарға тамырымен, үлкен ыдыстармен жеткізіледі. Екіметрлік қылқанжапырақты ағашты жалға алу 125 канада доллары (45 еуро) тұрады. Қысқа ғана мерзімнің ішінде Ванкуверде 120 отбасы осындай шыршаны жалға алған. Оның үстіне, шыршаны сатып алғаннан, жалға алу арзанға түсетіні тағы бар.