Канаданың «олимпиадалық» провинциясында A/H1N1 тұмауының құрбандары 30 адамға жетті

А.  Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат - 2010 жылдың  ақпан  айында қысқы Олимпиада ойындарын қабылдағалы отырған  Канаданың Британдық Колумбия провинциясында A/H1N1   тұмауынан қайтыс болғандардың саны 30 адамға жетті,

Канаданың «олимпиадалық» провинциясында  A/H1N1   тұмауының  құрбандары 30  адамға жетті

 деп  хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі «олимпиадалық» провинцияның  денсаулық сақтау министрлігінің  ақпараттық бюллетеніне  сілтеме  жасап.

Соңғы   жеті күнде  Британ  Колумбиясында доңыз тұмауының салдарынан  5   адам   көз жұмды. 

Британ  Колумбиясында вируспен күрес  аясында     вакцина егу   амалы  жалғасуда.  Өткен  аптада  250 мың  адам  егілді.  Провинцияның медициналық      өкіметінің бағалауынша,     алдағы   жеті күнде          вакцина егілгендердің қатары  тағы 258 мың    адамға  толығады, ал     қараша айының соңы  мен   желтоқсанның басында   провинцияда    A/H1N1  тұмауына  қарсы егілгендердің саны 1 миллионға жетеді.    Ал  провинцияда    4,5 адам тіршілік кешіп жатыр.