Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады

АСТАНА. KAZINFORM- Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары қала тұрғындарының 80%-дан астамын жылумен қамтамасыз ететін Өскемен ЖЭО-ның жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады
Фото: Үкімет

Биыл жөндеу және құрылыс жұмыстарына «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 7,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Стансада 9 қазан агрегаты мен 8 турбоагрегатты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында стансаны кеңейту бойынша жобалар іске асырылуда.

Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады
Фото: Үкімет

Қанат Бозымбаев сонымен қатар 4 мыңнан астам абонентті және бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынды жылумен қамтамасыз ететін Согра ЖЭО-ны аралады. Соңғы үш жылда мұнда жабдықтың тозу деңгейі 63,25%-дан 61,87%-ға дейін төмендетілді. Биыл жөндеу жұмыстары жалғасады.

Бұдан бөлек, Қанат Бозымбаев Жаңа Согра ауылында салынып жатқан су тазарту нысандарының құрылысымен танысты. Кешеннің тәуліктік қуаттылығы 13 050 м³ құрайды.

Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады
Фото: Үкімет

Сапар қорытындысы бойынша вице-премьер Төтенше жағдайлар орталығында су тасқыны кезеңі және өрт қаупі жоғары маусымға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Осыған дейін Үкіметтің 2027 жылға қарай статистикалық есептердің санын 50% қысқартатынын жаздық.

Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады
Фото: Үкімет

 

 

Соңғы жаңалықтар