Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы: дәл қазір ресми нұсқа жоқ

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебіне қатысты түсінік берді.

Қанат Бозымбаев
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

— Ұшақ құспен соқтығысқан ба әлде ішінде жарылыс болды ма, ол қорытынды шыққанда ғана белгілі болады. Біз Әзербайжандағы әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Бізге әлі ешкім нақты нұсқасын айтқан жоқ, ресми түрде біз Ресейден де, Әзербайжаннан да ешқандай нұсқаны алған жоқпыз. Дәл қазір ресми нұсқа жоқ. Сондықтан біз қандай да бір ақпаратты растай да, жоққа да шығара алмаймыз, - деді Қанат Бозымбаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар