Қанат Ислам 2017 жылы Сауль Альвареспен кездесуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам  мексикалық боксшы Сауль Альвареспен («Канело») жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Fightnews.com.

Қанат Ислам 2017 жылы Сауль Альвареспен кездесуі мүмкін

Дереккөздің хабарлауынша, жекпе-жек 6 мамырда Техастағы «Даллас Ковбойз» стадионында өтуі ықтимал.  

Альварес пен Ислам WBO белбеуіне таласпақ. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам  бұл ұйымның рейтингінде бесінші орында тұр.