Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады. Бұл туралы журналист Берік Сұлтан өзінің фейсбуктегіпарақшасында хабарлады.

Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады

«Дайындықты бастап жібердік. Қанат Исламның келесі жекпе-жегіне киетін шорты дизайны бітті. Бұл жолы ақ түсті таңдап отырмыз. Шортыдың екі жағы да оюмен өрнектелген. Сол қапталында бокшының жеке логотипі орналасқан. Ал  белінде (алдында) боксшының есімі мен тегі, шортыдың артында лақап аты жазылған. Бұйыртса, жақын күндері кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген батыр ұлдарыңыздың келесі жұдырықтасатын күні мен уақытын мәлімдейміз. Бұл жолы да жекпе-жекке бас демеушілік танытып отырған «Zhersu» корпорациясы, яғни Бауыржан Оспанов.

Еске сала кетейік, Бауыржан Оспанов - Қанат Исламның осы уақытқа дейін өткізген барлық жекпе-жегінің бас демеушісі әрі жанашыр ағасы. Сондай-ақ бұл жолғы жұдырықтасуға өзіндік қолдауын білдіріп, демеушілер қатарынан көрінген шымкенттік «Nuray construction» құрлыс компаниясы, оның басшысы спорт жанашыры Алтай Айнабек мырзаға да ерекше алғыс білдіреміз. Жеңіске бірге жетейік! Жекпе-жек туралы ресми хабарлама күтіңіздер. АҚШ-тағы бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсетеді деп жоспарлануда. Қазақтар, алға!» - деп жазды Берік парақшасына.

Айта кетейік, Қанат Ислам 2012 жылы бірінші орта салмақта WBA Fedecaribe титулын жеңіп алды. Спортшы 2008  жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Бұрын «Astana Arlans» (WSB) командасының капитаны болған.

null