10:14, 21 Ақпан 2018 | GMT +5
Қанат Ислам Климаспен келісім жасалғанын жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам литва-америкалық менеджер Эгис Климаспен серіктестік туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Еске салайық, отандық боксшының танымал менеджермен келісім жасалғаны туралы жаңалық кеше БАҚ-та жарияланған болатын. Қанат Ислам командасының Instagram-дағы ресми парақшасында бұл ақпараттың жалған екендігі жарияланды. Қазақстандық Климаспен келісім жасамаған.
Климас Василий Ломаченко, Александр Усик, Александр Гвоздик және Сергей Ковалев сияқты боксшылармен жұмыс істеген. Сондай-ақ, ол басқа қазақстандықтардың - Мадияр Ашкеев, Мейірім Нұрсұлтанов пен Асхат Уалихановтың ісін жүргізеді. Klimas Management боксшылары АҚШ-тағы бокс кештерінде үнемі жекпе-жекке шығып тұрады.
Бұдан бұрын Қанат Ислам командасы «жақсы жаңалық күтіңіздер» деп, АҚШ-қа ұшып кеткендігін хабарлаған еді.