Қанат Шағыров «Африка» раллиінің 7-ші кезеңінен кейін тағы да алға шықты (ФОТО)

Қазақстандық шабандоз арнайы учаскенің мәресінде екінші және үшінші орындарға шыққан Жереми Шуасо мен ресейлік Антон Григоровты басып озды, деп хабарлады motorsport.com.
«Мавританиядағы Africa Eco Race раллиінің 7-ші арнайы учаскесінен кейін Қанат Шағыров көшбасшылығын нығайта түсті. Оның экипажы аралық учаскеде жүк машиналары, мотоциклдер, суперпродакшен және т.б. арасында абсолюттік бірінші орынға шықты!!!», - деп жазды Фейсбуктегі жеке парақшасында Mobilexracing командасы.
Шағыров автомобильдер арасында көшбасшылықты сақтай отырып, ең жақын бәсекелесін 54 минутқа кейінге қалдырды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Қанат Шағыров пен Виталий Евтеховтың экипажы 7-ші кезеңдегі сөзсіз көшбасшы. Юрий Сазонов пен Алексей Кузьмичтің экипажы өкінішке орай бір саты төмен түсіп, жалпы есепте 7-ші орынға шықты. Құттықтаймыз!!! Жарыс әлі аяқталған жоқ, қалған шабандоздарымызды күтеміз!», - деп жазды команда Фейсбукте.