Қанат Шарлапаев жер қойнауын пайдаланушылар үшін роялти нормаларын енгізуді ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Бюджеттен қаржыландырылатын іргелі ғылымдар тізбесіне геология енгізілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жасады.

Жер қойнауын пайдаланушылар
Фото: gov.kz

- Тау-кен саласына келетін инвесторлар санын арттыру үшін Салық кодексінің жаңа жобасы аясында роялти енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Роялти жайлы Дүниежүзілік банк өз ұсынысында атап өткен болатын. Минералды шикізатты сату құнына негізделген роялтиді енгізу, халықаралық тау-кен компаниялары үшін салық салудың ашықтығын және түсінікті механизмін қамтамасыз етеді, - деді министр. 

Осыған байланысты, Қанат Шарлапаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтен Ұлттық экономика, және Қаржы министрліктеріне жаңа Салық кодексінің жобасына 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өндіруге лицензия алған жер қойнауын пайдаланушылар үшін роялти нормаларын енгізу туралы тапсырма беруін сұрады.

- Сонымен қатар еліміз үшін геология саласының стратегиялық маңызын ескере отырып, Ғылым, және Қаржы министрліктеріне Ғылым туралы заңға толықтырулар енгізу арқылы қаржыландырылатын іргелі ғылымдар тізбесіне геологияны енгізуді тапсыруыңызды сұраймыз, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар