Қанат Таймерденов ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Таймерденов Қанат Даниярұлы Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды», - деп мәлім етті Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл уақытқа дейін Қанат Таймерденов Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Қанат Таймерденов 1976 жылы туған.

Ішкі істер органдарында 1995 жылдан бастап қызмет атқарады.

Басшылық лауазымдарда жоғары жұмыс тәжірибесі бар.

2012-2017 жылдары Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Еске салсақ, 25 маусымда Қанат Таймерденовтің Ішкі істер министрлігі орталық аппаратына қызметке ауысуына байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.


Фото: gov.kz
Соңғы жаңалықтар