Қандастарымыздың шет елден келгендігін білдіретін құқықтық ұғым ретінде "оралман" сөзі алынған

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазір «оралман» деген атау дұрыс емес, Қазақ - біреу, Қазақстан - біреу. Сондықтан оларды «отандастар» немесе «қандастар» деп атайық», деген пікірлер айтылуда. Сіз осыған не дейсіз, деген сауал бүгін www.bnews.kz порталында өткен Online-конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішевке қойылды,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарт.

 «Бұл мәселені біз жаңа заңға кіргізіп отырмыз. Бізде қазіргі уақытта 10-ға жуық пікір бар. «Этникалық қазақ», «отандастар», «қандастар» деген сияқты балама сөздер ұсынылып жатыр», деді ол.

 Комитет төрағасының айтуынша, көрші Қытайда оралман деген аты бар адам өзін мақтанышпен сезінеді екен. Сонымен қатар, мұндай ұғым басқа елдерде де бар көрінеді. Жалпы бұл атау құжат алғанға дейін ғана, ал құжат алғаннан кейін ол оралман емес. Қазақстанға шет елден оралған қандастарымызға оралман атауын берудің бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, мемлекет тарапынан берілетін көмектерді алу үшін, шекарадан өткенде баж салығын салмау үшін, азаматтық алуға құжат тапсырған кезде салық төлемеу үшін қажет екен.

 «Жалпы қазақ емес шеттен келген кез келген азамат өзінің банктегі есепшотында 10 мың доллары бар екендігін дәлелдемей, азаматтыққа құжат өткізе алмайды. Ал қандастарымыз оралман куәлігін көрсету арқылы тегін азаматтық алады», дейді Қ.Әбішев.

 Сондықтан қолданысқа мемлекеттік қызметкер деген сияқты құқықтық термин қажет.  «Оралман» сөзі  қандастарымыздың шет елден келгендігін білдіретін құқықтық ұғым ретінде алынған.

Соңғы жаңалықтар