Қандай сайлау өтсе де Президент бастаған «Нұр Отан» алып та, шалып та жығады - «Қазақстан барысы» Б. Ыстыбаев
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қандай сайлау өтсе де Президент бастаған «Нұр Отан» алып та, шалып та жығады. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде «Қазақстан барысы» турнирінің 2 дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев осылай деді.
«Мен ғана емес, осы залда отырған Ұлан Рысқұл, Геннадий Головкин, Илья Ильин, Серік Сәпиев және басқа да чемпиондардың барлығы Н. Назарбаевтың қамқорлығымен әлемдік табыстарға жетті. Тәуелсіздіктің 25 жылында талай байрақты бәсекелерде көк туымызды биікте желбіретті. Бұрынғы заманда алапат айқастарда жеңіске үлес қосқан батырларға хандарымыз тайтұяқ сыйлаған. Осы дәстүрді жалғап «Қазақстан барысында» маған Елбасы тайтұяқ алтын сыйлады. Бұл менің спорттық тарих жолымдағы ең үлкен марапат», - деді Б. Ыстыбаев.
Бұдан бөлек, палуан қазақстандық спорттың үлкен жанашыры ретінде Елбасының ерен еңбегін айтып, қазақтың батырлары, ұлт спортшылары қашанда Президентпен бірге екенін алға тартты. «Қандай сайлау өтсе де Президент бастаған «Нұр Отан» алып та, шалып та жығады», - деді ол.