Қандай жағдай болмасын, біз доллар бағамын 150 теңге шамасында ұстап тұрамыз ? Г. Марченко

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қандай жағдай болмасын біз доллар бағамын 150 теңге шамасында ұстап тұрамыз. Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Ұлттық банк төрағасы Григорий Мраченко осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Банк төрағасының айтуынша, теңгенің айырбастау бағамының деңгейі 3 пайыздық ауытқумен 1 АҚШ доллары үшін 150 теңге шамасында болады. «Бұл үшін Ұлттық банкте тиісті қаражат резервтері баршылық. Жалпы, Қазақстан жағдайында өте үлкен девальвациялық болжамдар жасалған еді. Аптаның сейсенбісінде біз шамамен алғанда 1 млрд. доллар сатып алдық. Сондықтан да Ұлттық валютаның айырбастау бағамында алыпсатарлықты болдырмау үшін Ұлттық банктің қажетті қаражат қоры жинақталды», - деді Г. Марченко. Банк төрағасының айтуынша, егер банктік емес ақша айырбастау орындарында проблемалар туындамаса, онда басқа да биржа және банк нарығында жағдай қалыпты болады.
Соңғы жаңалықтар