Қандыағаштық үш жігіт кәмелеттік жасқа жетпегендерді зорлауда айыпталып отыр - Ақтөбе облысы

АҚТӨБЕ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Мұғалжар АІІБ-нің кезекшілік бөліміне Қандыағаш қаласының 43 жастағы тұрғыны келіп, оның 17 жастағы қызы мен оның құрбысының зорланғаны туралы хабарлады.

Қандыағаштық үш жігіт кәмелеттік жасқа жетпегендерді зорлауда айыпталып отыр - Ақтөбе облысы

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бойжеткендер күндіз көшеде таныс жігіттерді кездестіріп, көліктеріне мінгендерін, одан кейін олардың бірінің пәтеріне барғандарын баяндап берді.

Спирттік ішімдіктерді ішкен соң үш жігіт бойжеткендерді зорлаған.

Аталған қылмысты жасау күдігімен полиция қызметкерлері 19-20 жас аралығындағы үш жергілікті тұрғынды ұстады, олардың екеуі мойындау түсініктемелерін берді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабының 3 бөлімімен («Зорлау») қылмыстық іс қозғалды, бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде.