«Канело әлде Шираз... Шайнамай жұтамын»: Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) жаңа салмаққа ауысқаннан кейін мәлімдеме жасады.
Боксшы Сауль «Канело» Альвареспен немесе Хамза Ширазбен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.
– Канело ма, Шираз ба? Қайсысы батыл екен, көрейік. Кей жанкүйерлердің көкейінде «Жәнібек Канелоны ұта ала ма екен?» деген сұрақтар бар сияқты. Егер Канело менімен шығуға батылы жетсе, жалпақ тілмен айтқанда, оны шайнамай жұтамын. Мен өз деңгейімді және оның деңгейін өте жақсы білемін. Тілеулес жанкүйерлердің бәріне мың алғыс. Біз енді басқаша болып ораламыз. Суперорта салмақтың ағысын өзгертуге келдік, - деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 12-сі нокаутпен аяқталды.
Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта WBO рейтингінің 2-сатысына жекпе-жексіз жайғасқанын жазған едік.