«Канело» мен Головкин 2019 жылы кездесуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (50-1-2, 34 КО) алдағы жылғы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Канело» рингке екі рет шыққалы отыр. Алайда ол болашақ қарсыластарының есімдерін атамады. 

«Менің білетінім, келесі жылы мамырда және қыркүйекте кездесу өткіземін. Мен жанкүйерлеріме керемет қызықты бокс көрсетемін»,-деді «Канело».

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкиннің командасы «Канеломен» үшінші рет кездескілері келеді. Алайда мексикалық боксшының промоутері Эрик Гомес бұл кездесудің мамырда болмайтынын айтты. Осылайша, кездесуге ыңғайлы уақыт тек 2019 жылдың қыркүйек айы болмақ. GGG-дің «Канеломен» бірінші кездесуі де екінші кездесуі де қыркүйекте өтті. 2017 жылдың 16 қыркүйегінде боксшылар тең түсті. Алайда бұл теңдік даулы болды. 2018 жылдың 15 қыркүйегінде «Канело» төрешілердің көпшілік дауысымен жеңіп кетті.

Соңғы жаңалықтар