15:04, 19 Наурыз 2017 | GMT +5
Қаңғыбас иттер тоғыз жасар қызды талады
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Краснояр өлкесі бойынша Тергеу комитеті органдарының қызметкерлері бір топ қаңғыбас иттің кішкентай қызға шабуыл жасаған оқиғаға байланысты тергеу алды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл туралы Краснояр тергеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Красноярдың Свердлов ауданында иттер қызға тарпа бас салып, талаған.
Қыздың әкесі мен сол маңнан өтіп бара жатқандар көмекке келді. Олар иттерді қуып, жедел жәрдем шақырған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеушілер үй-күйсіз иттерге жауапты ұйымды анықтап, куәгерлерден жауап алуда.