09:07, 07 Шілде 2016 | GMT +5
Қаңғыған оқ аулада ойнап жүрген балаға тиді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чикагода (АҚШ) аулада ойнап жүрген төрт жасар ұл оқ жарақатын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бала жол маңындағы ойын алаңында болған. Кенеттен өтіп бара жатқан көліктен белгісіз біреулер оқ жаудырған.
Оқтың біреуі баланың арқасына тиген. Бүлдіршін жедел түрде ауруханаға жеткізілді, деп жазды life.ru.