Қаңтар айында ел экономикасына 217,7 млрд. теңге инвестиция тартылды - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 217,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 7,5% артық. Бұл туралы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов бүгін өткен брифингте мәлімдеді.
None
None

Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1 трлн. 485,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 0,7% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2,7% артты. Өңдеу өнеркәсібінде 0,8%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс 8,5% төмендеді.

Сондай-ақ, 2013 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 64,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,4 пайызға кеміген.

2013 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 34,8 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда 8,2%-ға кеміді.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы 136 млрд. 825 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 9,8% өсті, оның ішінде экспорт - 92 млрд. 285,6 млн. АҚШ долларын (5,3% өсті), импорт - 44 млрд. 539,4 млн. АҚШ долларын құрады (20,2% өсті).

Соңғы жаңалықтар