15:37, 15 Ақпан 2010 | GMT +5
Қаңтар айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 110,3 пайызды құрады
АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылғы қаңтар айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 110,3 пайызды құрады.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылғы қаңтар айында 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай, темір кені, көмір мен лигнит, табиғи газ, машина мен қондырғылар өндірісі, автокөлік құралдары, азық-түлік тауарлары мен өңделген мұнай, химиялық және металл өнеркәсібі өнімдерінің көлемі артқан. Бұндай өсім көрсеткіштері Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарынан басқа еліміздің барлық өңірлерінде байқалған.