12:02, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Қаңтар айында өнеркәсіптік өнім өндіруші кәсіпорындардағы баға 13 пайызға төмендеген
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың қаңтар айында өнеркәсіптік өнім өндіруші кәсіпорындардағы баға 13 пайызға төмендеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, қаңтар айында кен қазу өнеркәсібінде баға 19,7 пайызға, өңдеуші салада 6,9 пайызға төмендеді. Сонымен бір мезгілде, электр энергиясын бөлу өндірісінде газ бен судың бағасы 2,7 пайызға артып отыр. Ал газ конденсатына баға - 27,2 пайызға, мұнай бағасы - 20,8 пайызға, мұнай өнімдерінің бағасы 6,6 пайызға төмендеп, табиғи газ 0,2 пайызға көтерілген. Бағаның түсуі сондай-ақ азық-түлік тауарларында біршама байқалады. Атап айтқанда, өсімдік майы - 9,7 пайызға, құс еті - 2 пайызға, бидай ұны мен мал еті 0,9 пайызға төмендеген болса, қант бағасы - 3 пайызға, сүт өнімдері 1,8 пайызға қымбаттаған.