Қаңтар айында республика бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 162,9 млрд. теңгені құрады

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылдың қаңтар айында республика бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 162,9 млрд. теңгені құраған.
None
None
Бұл өткен 2008 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 13,9 пайызға төмен болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың қаңтар айында өнеркәсіптік өндіріс ауқымы нақты бағамен 489,2 млрд. теңгені құраған. Өнеркәсіп саласындағы бұндай көрсеткіш 2008 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,8 пайызға аз. Ал 2009 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 42,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 4,4 пайызға өскен. Есепті кезеңдегі республика бойынша жүк айналымы 25,4 млрд. тонна/шақырымды құрап, өткен жылғы сәйкес мерзімге қарағанда 11 пайызға төмендеген.
Соңғы жаңалықтар