Қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша өнеркәсіп өндірісінің қарқыны біршама төмендеп отыр

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қаңтар айындағы көрсеткіштер бойынша өнеркәсіп өндірісінің қарқыны біршама төмендеп отыр.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттіктің мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар айында өнеркәсіптік өндірістің нақты көлемдік индексі 98,2 пайызды құраған. Сондай-ақ, осы саладағы шығарылған өнім 489 млрд. теңгені құрайтын болып отыр. Жалпы алғанда өнім өндіру көрсеткішінің төмендеуі республиканың 13 өңірінде байқалған. Сонымен бірге, Агенттіктің мәліметтері бойынша өнеркәсіптік өндіріс қарқынының төмендеуі өңдеуші кәсіпорындарда 12,4 пайызға, ал электр энергиясын өндіру мен бөлу өндірісінде 7,8 пайызға жуықтаған. Кен қазу өнеркәсібіндегі өндірілген өнімнің мөлшерінің нақты индексі өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 104,3 пайызды құраған.
Соңғы жаңалықтар