Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қаңтар айының үш аптасында павлодарлық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың жеті мыңнан астам фактісін тіркеді

ПАВЛОДАР. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Қаңтар айының үш аптасында павлодарлық полицейлер жол қозғалысы ережелері бұзылуының 7 093 фактісін анықтады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қаңтар айының үш аптасында павлодарлық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың жеті мыңнан астам фактісін тіркеді

Көлікті мас күйінде жүргізген 352 азамат, жылдамдықты асырған 584, жол қозғалысы ережелерін бұзған 557 жаяу жүргінші ұсталды. Олардың барлығы түрлі әкімшілік жазаға тартылды.

Сот шешімімен жол қозғалысы ережелерін бұзған 137 адам рөлге отыру құқығынан айырылды, көлікті алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде жүргізгені үшін қайта ұсталған 53 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Бұзушылар жалпы сомасы 19,5 млн. теңгеге айыпталды.