Қаңтар оқиғасына қатысты 323 күдікті күзетпен ұстаудан босатылды

«Күдіктілердің көбісі адал азамат болғанымен оқиға кезінде жылдам байып кетемін деп немесе басқа адамдардың сөзіне еріп, қылмысты жасағанда байқалмай қалатынына үміттенгені де анық. Осыған байланысты олардың жеке басы, жағымды мінездемелері мен залалды өтегені ескеріле отырып, бұлтартпау іс-шарасы өзгертілді. 323 күдікті күзетпен ұстаудан босатылды», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның дерегіншеге, 5-6 қаңтарда Алматы облысының екі тұрғыны Алматы қаласындағы «Охотник» дүкенінен әртүрлі тауарларды ұрлаған. Күдіктілер ұсталғаннан кейін соттың санкциясымен күзетпен ұстауға алынды. Кейіннен күдіктілердің жағымды мінездемесі, бұрын сотталмағандығы, асырауында жас балалардың болуы, келтірілген залалдың өтелгені және кінәсін мойындағаны ескеріле отырып, тергеу органының қолдаухаты бойынша оларға бұлтартпау іс-шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге өзгертілді.
«Осыған ұқсас 14 ақпанда Алматы қаласының сауда орталықтарынан бірнеше рет ұрлық жасаған Алматы облысының 21 жастағы тұрғыны оның асырауында кәрі жастағы ата-анасының болуына байланысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның тағайындалуына орай қамаудан босатылды», - деді департамент бастығы.