15:20, 14 Шілде 2022 | GMT +5
Қаңтар оқиғасында халықтың алдында болдым, бәрі бірлесіп шешілді – ШҚО әкімі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қаңтар оқиғасы кезінде алаңда, халықтың арасында болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі есеп беруде тілшілер ШҚО әкімінен Қаңтар оқиғасы кезінде халық алдына неге шықпағанын сұрады.
«5 қаңтар күні мен алаңда болдым. Күні-түні сонда болдық. Шығыс Қазақстанда, Өскемен қаласында бірде-бір ғимарат берілген жоқ. Өзіміздің әкімшілікті ешкімге бермеген жалғыз облыс болдық. Мен халықтың алдында тұрдым. Ол теледидарда көптеген арнадан көрсетілді. Оны сіз көрмесеңіз, кешірерсіз, әріптестеріңізден сұрап аларсыз. Мен алаңда болдым. Халықтың ішінде болдым. Барша мәселені бірге шештік», - деп жауап берді Даниал Ахметов.
Еске сала кетсек, жыл басында сұйытылған газ бағасының қымбаттауы түрлі өңірлердегі наразылықтарға ұласқан еді.