Қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек беріледі. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз. Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған азаматтардың жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек беріледі. Қазақстан халқына қоры да осы игі іске де үлес қоса береді деп ойлаймын», - деп атап өтті ҚР Президенті.



Видеодан алын ғ ан кадр

Соңғы жаңалықтар