Қаңтар-тамыз айларындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 трлн. 599,1 млрд. теңгені құрады

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ 2009 жылдың қаңтар‑тамыз айларында еліміздегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 трлн. 599,1 млрд. теңгені құрады.

Қаңтар-тамыз айларындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 трлн. 599,1 млрд. теңгені құрады

 Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 5,4 пайызға артық. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарған ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері осындай, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2009 жылғы қаңтар-шілде айларында еліміздің сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің деректері, ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 36 млрд. 614,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2008 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 42 пайызға азайған. Экспорт 21 млрд. 3,4 млн. АҚШ долларын құрады (50 пайызға аз), ал импорт - 15 млрд. 611,5 млн. АҚШ долларын құрады (25,9 пайызға  кеміген). Сонымен қатар,  2009 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 5 трлн. 270,9 млрд. теңгені құрап,  2008 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1,5 пайызға  кем көрсеткішке ие болған. Бұндай төменгі көрсеткіштер өңдеу өнеркәсібінде (9,4 пайыз), электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде (5,5 пайыз) де байқалды. Ал кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс 4 пайызға  өсті.

Бұдан басқа, 2009 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 211,7 млрд. т/шақырым (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2008 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,9 пайызға төмендеді.