Қаңтарда қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен қаңтарымен салыстырғанда 106,9 пайызды құрады - Статистика

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың қаңтарында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2010 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 106,9 пайызды құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Агенттік басшысының атап өтуінше, қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. 2011 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1136 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы қаңтарға қарағанда 5,8 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 5, өңдеу өнеркәсібінде 7,5, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 5,1, сумен жабдықтауда 1,9 пайызға өндіріс өсімі байқалады.

Сонымен қатар қаңтар айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,9 пайызға артып, 54,4 млрд. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар