16:14, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Қаңтардағы инфляция 0,3 пайызды құрады
АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қаңтар айындағы инфляция 0,3 пайызды құрады.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға, ақылы қызметтер 1,2 пайызға өсіп, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4 пайызға арзандаған.Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер құрылымында қоқысты жинау тарифтері - 4,2 пайызға, кәріз ? 1,2 пайызға, орталықтан жылыту ? 1,0 пайызға, сумен жабдықтау 0,7 пайызға қымбаттап, электр энергиясы - 1,2 пайызға, бөлу тораптары бойынша тасымалданатын газ ? 0,4 пайызға төмендеген. Пошта қызметтерінің бағалары мен тарифтері - 46,9 пайызға, телефон үшін абоненттік ақы ? 14,0 пайызға, медициналық қызметтер 1,5 пайызға кеміген. Жалпы қаңтардағы инфляция жылдық көрсеткішпен 8,7 пайызды (2008 жылғы желтоқсанда ? 9,5%) құрады.