Қаңтардың 19-23 күндері Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарының әкімдері халық алдында есеп береді

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Қаңтардың 19-ынан бастап Астана қаласындағы Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандары әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесулер 19-23 күндері аралығында өтеді. Мәселен, Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметов халықпен алғашқы кездесуін Президенттік мәдениет орталығында бастайды. Бес күн бойына бір уақытқа, яғни сағат 15.00-ге жоспарланған жылдық жұмысты қорытындылау сондай-ақ, № 55 орта мектепте, № 57 орта мектепте, Еуразиялық гуманитарлық институты мен «Астана Су арнасы» МКК-да өтеді. «Есіл» ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов дүйсенбі күні қалың көпшілікпен алғашқы кездесуін № 45 орта мектепте өткізеді. Қалған күндері халықпен жүздесуді № 24 орта мектепте, «ҚазМұнайГаз» ҰК Жабық акционерлік қоғамында, Қазақ-Ресей университетінде, Қазақ гуманитарлық заң университетінде жалғастыратын болады. Басталу уақыты сағат 15.00-де. Сарыарқа ауданының әкімі Сәбила Мұстафина қаңтардың 19-ы күні - «Көктал» кентіндегі Мәдениет үйінде, 20-сы күні - М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында, 21-інде - Политехникалық колледжде, 22-сінде - Өндіріс кентіндегі № 49 орта мектепте және 23-і күні - К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында есеп беретін болады. Басталу уақыты сағат 16.00-де.
Соңғы жаңалықтар