Қапшағай қаласында астыртын жұмыс істеген ойынхананың ойын үстелдері жойылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласында астыртын жолмен жұмыс істеген казиноның ойын үстелдері жойылды.
Алматы облысы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сот орындаушылары «Стаф-1» түнгі клубының заттық айғақтарының көзін жойған.
«Стаф-1» түнгі клубының заңсыз қызметі 2010 жылдың соңында анықталған болатын. Түнгі клуб атынан ойынхана жұмыс істеген.