Қапшағай су қоймасына балықшы батып кетті

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасына балықшы батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қапшағай су қоймасына балықшы батып кетті

«Сенбі күні Алматы облысына қарасты Қапшағай су қоймасынан балық аулаған 30 жастағы азамат ажал құшты. Оның мүрдесін Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметі мамандары алып шықты», - делінген хабарламада.