Қапшағайда мас жүргізуші 13 жастағы жасөспірімді басып кетіп, ажалына себеп болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағайда жол апаты орын алды, велосипед теуіп келе жатқан 13 жастағы жасөспірім көлік доңғалағының астына түсіп, қайтыс болды.
None
None

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді басып кеткен жүргізуші ұсталып, қамалғанын хабарлады.

«Апатты көргендер жол-көлік қызметі қызметкерлеріне оқиға орнынан қашып кеткен көліктің маркасы мен түсін айтып берді. Жедел жоспар арқылы «Марк-2» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Қапшағай-Алматы жолында ұсталды. Сараптама жүргізу кезінде жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды», - деп атап өтті Қапшағай ҚІІБ бастығы Т. Беркінбаев.

Кісі өліміне соқтырған жол апаты фактісі бойынша ер адамға қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар