Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қапшағайда жоғалған бала анасымен ренжісіп кеткен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қапшағайда із-түзсіз жоғалған 13 жастағы жасөспірім үйінен анасымен ренжіскен соң шығып кеткен, - деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қапшағайда жоғалған бала анасымен ренжісіп кеткен

«Анасы мен баласы Қапшағайға жазғы маусымға келген. Өйткені, әйел осы демалыс аймағында жұмыс істейді. Кейін, ол ұлын демалыс аймағынан уақытша жалға алған пәтеріне жібереді. Бұған дейін, олар ренжіскен. Ол Қапшағайда тұрғысы келмейтіндігін айтып, Алматыға кетіп қалған. Бұдан кейін анасы бұқаралық ақпарат құралдарының біріне жүгінеді. Іс қозғалған жоқ, өйткені ұлдың анасы арыз жазудан бас тартты. Алайда, қапшағайлық полиция қызметкерлері іс қозғауы әбден мүмкін. Өйткені, жасөспірім сол жақтан кетіп қалған. Отбасының әлеуметтік жағдайы нашар. Жасөспірім бұған дейін де талай рет үйден кетіп қалған. Бұл туралы жасөспірімнің Алматыда мектепте бірге оқыған дос-жарандарымен болған әңгіме барысында белгілі болды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, жасөспірімнің жоғалып кеткендігі жөнінде өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Алматы қаласының «Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі» бастамашыл тобының мүшесі Ислам Угушев хабарлады.

Анвардың үстінде жасыл жейдесі және сұрғылт шолақ шалбары болған. Бойы -145 см.

Оны көрген-білгендер болса, мына телефон нөміріне хабарласуын сұрайды: +7 778187 29 39.