Қапшық толы ақшасын жел ұшырып әкеткен азаматқа бөгде жандар көмектесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 мың юань (мөлшермен 1 миллион 200 мың теңге) жел ұшырып әкеткен қытайлық азаматтың ақшасын көпшілік түгелге жуық жинап берді.
None
None

Қытайдың news.sohu.com сайтының хабарлауынша, бұл оқиға Қытайдың Далянь қаласында болған. Гао есімді азамат банкоматтан көп көлемде юань шығарып алып, сыртқа беттеген тұста қолындағы ақшасы жерге шашылып кеткен. Желдің ақшаны ұшыра бастағанын көрген жүргіншілер мен банк қызметкерлері дереу көмекке келіп, ақшаны жинауға кіріскен. Нәтижесінде ақша иесіне толықтай қайтарылды.

Бақылау камерасы түсірген кадрлардан ер адамның ақшаны көтеріп алып шыққанын, бірақ аңдамай шашып алғанын, сондай-ақ желдің банкноттарды ұшырып әкеткенін, мұны көрген бөгде адамдардың дереу көмекке ұмтылғанын көруге болады.

 

Соңғы жаңалықтар