Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз жолының 33 шақырымы жөнделіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысында республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 757–790 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жөнделіп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайды.
Жоба аясында:
– 9,4 шақырым аумақта суық ресайклинг әдісімен жол негізі салынды;
– 11 700 шаршы метр аумақта жолдың ақаулы бөліктері қалпына келтірілді;
– 5,8 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетон жабыны төселді.
- Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.
Нысанда 17 арнайы техника жұмыс істеуде.
Айта кетейік, Түркістандағы республикалық маңызы бар тасжолдағы көпір күзге дейін жабылды.