Қарағанды облысында елуге жуық жылқы суға батып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысында жоғалып кеткен 47 бас жылқы судың астынан табылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

лошадь ат
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Қарағанды облысында жайылымда жүрген 47 бас жылқы көлге батып кетті.

— Қарқаралы ауданының полициясына бір ауылдың тұрғындары малдарының жоғалғаны туралы арыз жазды. Жоғалған жылқыларды іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер жұмылдырылды. Шамамен 10 іздестіру тобы құрылып, олар аумақты көліктермен және атпен аралады, — деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Іздеу шаралары Қарқаралы ауданы ғана емес, облыстың көршілес аудандары мен Павлодар облысының Баянауыл ауданына да жүргізілді.

— Іздеу жұмыстарының нәтижесінде көлдердің бірінен 47 жылқының өлексесі табылды. Жануарлардың иелері өз малдарын таныды, — деп қосты полицейлер.

Алдын ала болжам бойынша, түнде далада жайылып жүрген бір үйір көл бетіне шығып кеткен. Мұз айтарлықтай қатпауына байланысты жануарлар суға құлап кеткен.

Қарағанды облысының полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне малды бақылауда ұстаудың маңыздылығын еске салды. Малдың өздігінен жайылуы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін: жануарлар ұрлықтың, жол-көлік және басқа да оқиғалардың құрбаны болуы ықтимал.

Еске салсақ, Қарағанды облысында мал ұрлығының алдын алу үшін 18 блок-бекет орнатылды

Полицейлер 40 бас жылқы ұрламақшы болған барымташыларды ұстады

Соңғы жаңалықтар