Қарағанды облысында Инвесторларды қолдау орталығының басшысы тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қарағанды облысында Инвесторларды қолдау орталығының басшысы болып Шахназар Әубакіров тағайындалды.
– Облысқа инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір инвесторлармен нақты әрі жедел өзара іс-қимыл орнатуға, Орталық жұмысының тиімділігін арттыруға және сенімді нығайтуға ықпал ететін инновациялық шешімдерді енгізуге басымдық беру маңызды. Сіздің тәжірибеңіз қойылған міндеттерді тиімді шешуге және жаңа нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Шахназар Әубакіровтың коммерциялық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі мол. ҚР Президентнің Іс басқармасында қызмет еткен. 2023 жылдың қарашасынан осы тағайындауға дейін «Kazakh Invest» АҚ сервистік қолдау департаментінің бас менеджері болған.
Еске салсақ, елімізде өткен апта ішінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.