Қарағанды облысында мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзған 12 лауазым иесі жазаланды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қарағанды ​​облысының прокуратурасы жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арыздарды беру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан жүйелі бұзушылықтарды анықтады.

госзакупки
Фото: freepik.com

Қарағанды облыстық прокуратурасының хабарлауынша, азаматтық істерді қадағалау барысында сотқа тиісті талап-арыз бермеген немесе заңмен белгіленген бір айлық мерзімді бұзған бірнеше мемлекеттік орган анықталды.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды; барлығы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 207-бабы 10-2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 843 375 теңге айыппұл салынды.

-Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі,-делінген хабарламада.

Осыған дейін ШҚО-да прокуратура кәсіпорын жұмысшыларына тиесілі 14 млн теңге жалақының төленуіне ұйтқы болғаны туралы жазған едік.