Қарағанды облысында пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды стансасының маңында жолаушы әйел жаңа туған шақалақты пойыздың терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысында пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген
Фото: Kazinform

Оқиға «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша жолға шыққан пойызда болған. Қарағанды станциясының маңына келгенде жолсерік вагонның дәретханасында қан іздерін байқаған. Кейін ол купелердің бірінен жаңа босанған әйелді тауып алған. 

Белгілі болғандай, ол вагонда босанып, көп өтпей жаңа туған баласын пойыздың терезесінен далаға лақтырып жіберген. 

Нәрестенің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты полиция тергеу амалдарын жүргізуде. 

– Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Соның шеңберінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде, - деп хабарлады көліктегі ПД баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Өскеменнен Риддерге науқас нәрестені санавиациямен жеткізгені туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар